Қазақстанда жасалған коронавирусқа қарсы вакцина талапқа сай келеді – ғалым
Қазақстанда жасалған коронавирусқа қарсы вакцина талапқа сай келеді – ғалым
Фото: Интернеттен алынды
Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымының докторы Ерғали Әбдірайымов: «Коронавирус індетіне қарсы вакцина әзірлеуді біздің институттың ғалымдары наурыз айының соңында қолға алды. 9 мамырда алғашқы вакцина дайын болды. Сондай-ақ ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында алғашқы қазақстандық кандидатты вакцина ретінде тіркеліп, клиникаға дейінгі сынақ жүргізілді. Шілде айының соңында алынған нәтижелер бойынша отандық вакцина зиянсыздығы, пирогендігі, иммуногендігі және тағы басқа параметрлері бойынша халықаралық және Қазақстандық фармакопея талаптарына толық сай келетіні дәлелденді», – деді «Қазақпаратқа» берген сұхбатында. Вакцина алдағы уақытта бірнеше рет сынақтан өткізілмек.