Бейруттағы жарылыс: Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексеріліп жатыр - видео
Бейруттағы жарылыс: Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексеріліп жатыр - видео
Фото: Интернеттен алынды
158
оқылды
Жарылыстан қаладағы көптеген ғимарат жермен жексен болып қирады. Әлеуметтік желіге таралған видеода Ливан астанасы аспанында пайда болған қою түтін жарылыстың салдары екені айтылады.   https://www.youtube.com/watch?v=hgG3xDjzcDE

Видео: Интернеттен алынды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді. Ливандағы қазақстандық дипломаттардың мәліметінше, 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттардың терезелері сынды. Жергілікті биліктің алдын ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келтірді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыстан қайтқан. Консул жұмыста қалған. Жарылыс салдарынан жеңіл жарақат алды. Біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.   https://twitter.com/i/status/1290672517733064705 Ал Бейруттағы жарылыстан алдын ала мәлімет бойынша 10 адам мерт болып, жарақат алғандар саны 100-ден асты.