Божко: Damumed қосымшасында дәрігерлерге жазылмаған адамдарды жазылған деп көрсеткен
Божко: Damumed қосымшасында дәрігерлерге жазылмаған адамдарды жазылған деп көрсеткен
© сурет интернеттен алынды
Damumed қосымшасында дәрігерлерге жазылмаған адамдарды жазылған деп көрсеткен. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Damumed қосымшасындағы тізімге қатысты медициналық емдеу мекемелері тарапынан постты арнайы жарияладым. Егер бұл шынымен сондай болса, онда бұл - шектен шығу. Мұны Қаржы министрлігінің экономикалық тергеу комитеті, сондай-ақ МӘМС басшылығы шұғыл тергеуі керек. Бұрын ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мұны қатаң бақылайтын. Қазір МӘМС қызметкерлері бірнеше есе көбейді. Басшысы денсаулық сақтау министрінің жалақасынан екі еседей көп жалақы алады, ал ұйымды бақылауға олардың еркі не ниеті жоқ. Бүгін осы министрліктерге тапсырма беремін", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұл мәселе көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр. Желі пайдаланушылары өздері дәрігерге бармаса да, қосымшада өздерін "дәрігерге жазылған" деп көрсеткен жазбаның скриншотын жариялаған еді.  Солардың бірі  Нұр-Сұлтан тұрғыны Арай Ордабаева. Ол коронавирус жұқтырып, аурудан емделген және медициналық көмек алу үшін Damumed қосымшасына кірген Сол кезде өз емханасында әлдеқашан "көмек алып" жүргенін білген. Әрі өзі секілді адамдардың көп екенін де айтқан.