Коронавирус: Дәрігердің қабылдауына бара алмаған жағдайда не істеу керек?
Коронавирус:  Дәрігердің қабылдауына бара алмаған жағдайда не істеу керек?
© inform.kz
145
оқылды
Коронавирус жұқтырған адам өз бетінше емделуіне болмайды. Бұл туралы медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог-дәрігер Дәуренбек Нысанов айтты. Дәрігердің айтуынша, қандай жағдай болса да міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
"Алайда менің берер кеңесім: ең алдымен коронавирус жұқтырып ауыра қалған жағдайда алғашқы 1-2 тәулікте дене қызуын түсіретін дәрі (парацетамол, аспирин) ішіп түсірген дұрыс емес. Себебі сіздің организміңіз КВИ-мен өзі күрескені дұрыс. Сондай-ақ, тоңазытқыштағы сусындарды ішпеңіз. Суыққа ұрынбаңыз. Суық тисе иммунитетіңіз әлсірейді. Сонымен бірге оқшауланыңыз, қолыңызды жуып жүріңіз және бетперде (маска) тағыңыз. Айналаңыздағы адамдарға жұқтырудан және қосымша коронавирустың басқа түрін жұқтырып алудан сақтаныңыз. Егер дене қызуыңыз 38 градустан бірнеше тәулікке созылып, түспей жатса ғана парацетамол, немесе аспирин қолдануға болады,- дейді ол.