Алматыдағы үш жігітті қасақана қаққандардың көлігі табылды
Алматыдағы үш жігітті қасақана қаққандардың көлігі табылды
109
оқылды

Алматы полициясы үш жігітті қасақана қағып кеткендердің көлігін тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлайды.

Тергеу басқармасының ақпарына сәйкес ақ түсті Toyota Camry және қара түсті Toyota Avensis заттық дәлел ретінде алынып, қылмыстық іс материалдарына жіберілген. Қылмыстық іс ҚР ҚК 3 бөлімі 24 бабы және ҚР ҚК 2 бөлімі 99 бабы (кісі өлтіру әрекеті) бойынша қаралады.

Алматы полиция департаменті Тергеу басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Думан Әуқадиев екі көліктің де қылмыстық зертханада қаралғанын, көлікте қасақана адамды қағып кетуге қатысты белгілердің барын хабарлады. Қазір қос көлік қылмыс құралы ретінде арнайы автотұраққа жеткізілген.

Әуқадиев кеше кешке жедел полиция бөлімшесі қылмысқа қатысы бар 1995 жылғы Алматы облысының тұрғыны ұсталғанын мәлім етті. Ол Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндеген. Күдікті қамауға алынды.

Еске салсақ 26 тамызда таңғы сағат беске қарай Алматыдағы Бостандық ауданы Гагарин көшесінде бір топ жігіттер арасында кикілжің туындайды. Тараптардың біреуі сөзге келгендерге қарсы көлікпен жүріп өтіп, қасақана қағып кетіп, қылмыс орнынан ізін суытқан.