Коронавирустың кезекті толқынының алдын алуға болады - ғалымдар
Коронавирустың кезекті толқынының алдын алуға болады - ғалымдар
© сурет интернеттен алынды
Коронавирустың кезекті толқынының алдын алуға болады. Халықаралық ғалымдар тобы осылай деп отыр, - деп хабарлады 24.kz. Айтуларынша, ол үшін әлем халқының 50-70 процентінде ұжымдық иммунитет болу керек. Яғни, 7 миллиард 800 миллион адамның жартысынан астамында антиденелердің болуы шарт. Әзірге ондай көрсеткіш әлемнің ешбір елінде тіркелмеген. Мәселен, Германияда ол 14 процент, ал Испанияда 5 процент шамасында. Алдын ала мәлімет бойынша, Ресейде бұл көрсеткіш 20 процентке жуықтайды. Осы ретте көрші елде ғалымдар тобы екі ай бойы коронавирустық статистикаға қатысты жобына іске асырып келеді. Оған 26 өңірден 70 мыңнан аса адам қатысуда. Зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижесі осы айда, ал соңғысы қысқа таман дайын болуы тиіс. Сөйтіп, мамандар ағзада антиденелердің қанша уақыт сақталатынын анықтаймыз дейді.