Балалар құқығын қорғау кеңесі Рудныйдағы өрескел жағдайды анықтады
Балалар құқығын қорғау кеңесі Рудныйдағы өрескел жағдайды анықтады
230
оқылды

Рудныйдағы мәселе партиялық бақылауға алынып, Nur Otan партия­сы Төрағасының Бірінші орынба­сары Бауыржан Байбек оқиғаны жіті қадағалап, шара қолданды.

Нәтижесінде, Қостанай облыс­тық денсаулық сақтау басқармасы басшысы В.Дудник тәртіптік жауап­кершілікке тартылып, сөгіс алды. Рудный балалар үйінің ди­рек­торы Р.Гилязутдинов  қызме­ті­нен босатылды. Бұл жөнінде Бауыр­жан Байбек instagram парақ­шасында «Қостанай облысы­ның әкімі А. Мұхамбетов­пен сөй­лес­тім. Ең қатаң шаралар қабыл­да­натын болады. Бұдан басқа, жақын арада балаларды Қостанай қала­сын­дағы басқа мекемеге көші­реді.

Жалпы, жұмыс сапарларының нәтижесі бойынша Nur Otan пар­тиясы жанындағы Балалар құқы­ғын қорғау кеңесі барлық балалар үйінің қызметіне талдау жүргізді. Бірқатар жүйелі мәселелер анық­тал­ды. Оларды шешу үшін барлық құзырлы мемлекеттік органдарға арнайы ұсынымдар әзірленеді. Қажет болған жағдайда Nur Otan фракциясы Мәжіліспен бірлесіп тиісті заңнамалық түзетулер дайындайды» деп жазды.

Осыған байланысты Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Динара Закиевамен сөйлескен едік. Партияның «Бақытты отбасы» жобасын іске асыру барысында арнайы жұмыс тобы бірқатар об­лыс­тарға са­пар шеккен еді. Қазан айының соңы­на дейін бар­лық өңірге барады деген жоспар бар.

Жергілікті әкімдік өкілдерімен өткен ресми отырыстарда «Бақытты отбасы» партиялық жобасының Жол картасын жүзеге асыруды талқылап, сапар қорытындысын шығарады. Оның алдында сараптамалық топ мүшелері қалалық, аудандық және міндетті түрде ауылдық әлеуметтік объектілерге (әрбір өңірде 80-ге жуық нысан) барады. Соның ішінде, Рудный қаласының мамандандырылған балалар үйінде орталық жүйке жүйесі органикалық зақымданған және психикасы бұзылған балаларға күтім жасау ережелерінің өрескел бұзылғаны анықталды.

– Жалпы, Қостанай облысы­ның барлық денсаулық сақтау жүйесі жайында сұрақ туындады. Дәмді ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт фельдшерінің ине салу про­цесіне куә болдық. Ол қара­пайым ғана гигиеналық талап­ты сақтаған жоқ. Үстінде формасы жоқ, шашы жаюлы, аяқкиімі де таза емес. Осының барлығы жұ­мыста бақы­лау­дың жоғын көр­сетеді.

Жалпы алғанда, балалар үйі бойынша тәуелсіз бақылаудың бол­мауы балаларды емдеуге, олар­ды операцияға бағыттауға барын­ша күш салуға мүмкіндік бермейді, алайда бұл үшін қазақ­стандық медицинаның мүмкін­діктері бар. Осыған орай, партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы арнайы шара қолданды.

Еліміздегі балалар үйлеріндегі жағдайды алатын болсақ, балалардың 30 пайызы оңалтуға мұқтаж. Мұны кішкентай кезінен жасаған тиімді әрі жақсы нәтиже береді. Бірақ мекемелерінің штаттық кестесі емдеу талаптарына сай емес. Мысалы, балалар үйінің штатында көбінесе дәрігер-реабилитолог жоқ. Кейбірінде оңалту жабдықтары жас нормаларына сәйкес келмейді; ерекше балаларды тамақтандыру олардың дамуы үшін сәйкес келмейтін жүйеде жүргізіледі.

Қауіпсіздікке баса назар аудару қажет

–Жүйелік проблемалар әр өңірде байқалады. Мысалы, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия хатшыларының бәрі білім бөлімінің қызметкерлері. Білім беру бөлімдерінің өзінде қызметкерлер жеткіліксіз. Бір адам бірнеше бағдарламаны іске асыруға жауап береді, тиісінше, бұл жұмыс сапасына кері әсер етеді. Олар негізінен жазба жұмыспен айналысады.

Бізге кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссияның, қарауға алынған отбасылар жөніндегі хаттамаларды көрсетті. Онда көмек жөніндегі іс-шаралар жоспарын нақты қабылдаудың, қандай да бір отбасымен жұмыс істеу керегін, әкесін жұмысқа орналастыру, отбасы мүшесін мәжбүрлеп емдеуге жіберу және т.б. орнына тек "назарға алу", "есепке қою" деп жазылған. Ол отбасыларда балалар бар, сондықтан оларға тез арада көмек керек.

Жұмысты қайта үйлестіру

– "Бақытты отбасы" жобасының жол картасында 70-тен астам практикалық шара бар. Атап айтқанда, бұл отбасылардың қаржылық жағдайын жақсарту, балалар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру, жұмыспен және қосымша біліммен қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықты анықтау және алдын алуға тиіс инспекторлардың, дәрігерлер мен мектеп психологтарының учаскелік қызметін ведомствоаралық үйлестіру.

Өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған жиында біз міндетті түрде ұсыныстар, толықтырулар мен түзетулер енгіземіз. 111 нөмірлі плакаттар (балаларға арналған сенім телефоны) міндетті түрде формаға сәйкес келуі керек. Көлемі-100 де 70 сантиметр плакат қала орталықтарында ілінуі қажет. Бала қарағанда есте сақтап қалатындай болғаны жөн. Біздің байқайтынымыз «сенім телефоны» деген жазуы бар А4 форматындағы қарапайым хабарлама. 

Білсеңіз,тиімді жүзеге асырмағанымен, елімізде түрлі механизмдер бар. 111 сенім телефоны бұрыннан жұмыс істейді. Психологтар барлық уәкілетті органмен байланыс орнатады. Учаске қызметкерлері байланысқа лезде шығады. Жұмыс сапасын арттыру үшін балалармен және олардың ата-анасымен тығыз жұмыс істеу қажет.

Жедел шешім

–Бірсыпырасында мемлекеттік органдардың ескертуден кейін бірден шешім шығаратыны қуантады. Мысалы, біздің сарапшы мектеп жанынан қоршалмаған үлкен шұңқыр көрді. Біз мұны көрсеттік, айғақ ретінде WhatsApp-тан сурет жібердік. Нәтижесінде, шұңқыр қоршалды.

Ақмола облысында БЦП диагнозы бар София есімді тамаша қызбен таныстық. Оған оңалту ем-шарасы қажет болды. Біз оған Нұр-Сұлтан қаласында оңалту курсынан өтуге жағдай жасадық.

Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінің әжетханасы адам көргісіз халде еді. Бұл туралы арнайы орынға хабарладық. Екі апта ішінде мәселе шешілді. Қазіргі күйі мен бұрынғы жағдайын салыстыруға келмейді.

Позитив

– Әрине, біз оң өзгерістерді байқаймыз. Олар туралы айту керек. Қостанай облысында тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық қолдау орталығы ашылды. Орталық мамандары барлық мәселе бойынша көмек көрсетеді.

ШҚО-да заманауи аурухана салынып жатыр. Аурухана дәрігерлері шетелде, Лондонда тәжірибеден өтті. Бұл мекемеде шала туған нәрестелердің ретинопатиясы бойынша бірегей операциялар жүргізіліп жатыр. Егер іштегі бала соқыр болса, дәрігерлер бірден ескертеді. Нәтижесінде, олардың дені сау болып өсуіне мүмкіндік береді. Тіпті Шығыс Қазақстан облысының «әдеттегі» емханасы мен ауруханаларында барлық жерде электронды табло бар. Патронажды мейірбикелер мен учаскелік дәрігерлердің жұмысы жақсы жолға қойылған.

Өңірде бірінші қыркүйектен бастап барлық мектепте "Бақытты отбасы" жобасы аясында саналы ата-ана курсы ашылады.

Солтүстік Қазақстан облысында 140 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Біздің топ баратын келесі аймақ – Павлодар және Алматы облысы. Жұмыс жалғасады.