Ливандағы жарылыс: Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимараты зақымданды
Ливандағы жарылыс: Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимараты зақымданды
5,122
оқылды
Ливандағы жарылыс салдарынан Қазақстанның дипломатиялық миссиясы ғимаратына зиян келді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша,  4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды. Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақымданды. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды. Біздің дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста, Ливандағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексерілуде. Еске салсақ, бұған дейін Ливан астанасы Бейрут қаласында жойқын жарылыс болғаны хабарлаған болатын.