Қарқаралыда Алаш арыстарына ескерткіш қойылды
Қарқаралыда Алаш арыстарына ескерткіш қойылды

27 тамыз Қарқаралы қаласында «Алаш арыстары» ескерткіші ашылды. Ескерткіш Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермекұлының құрметіне орнатылды.

Қуанышты жаңалықпен өзінің фейсбук парақшасында бөліскен Елдос Тоқтарбай өз жазбасында Барлыбек Сырттанұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Садық Аманжолұлы, Ыбырайым Жайнақұлы, Біләл Сүлейұлы, Базарбай Мәметұлы сынды жетісулық Алаш арыстарына дәл осындай еңселі ескерткіш орнатылса екен деген тілегін білдіріпті.