Маскасыз жолаушы ұшақтан қуылды
Маскасыз жолаушы ұшақтан қуылды
Көліктегі полиция департа­менті басшысының бірінші орын­басары Қалижан Қобландин­нің айтуынша, Атырау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Qazaq Air АҚ әуе­ком­паниясының өкілінен «Атырау-Ақтау» бағытындағы ұшаққа отырғызу кезінде тәртіп бұзған жо­лаушы туралы хабарлама түскен. Тексеріс кезінде полицейлер ко­мандир мен экипаж мүшелерінің айтқанын орындамай, маска тағудан бас тартып, карантин ере­жесін бұзған 60 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады. Сарап­тама барысында оның ішімдік ішкені белгілі болған. Полицейлер тәртіпке бағынбаған жолаушыны ұшақтан түсіріп тастады.
«Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ӘҚБтК-нің 566-бабы (ұшақта өзін-өзі ұстау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 8 АЕК (22 224 теңге – ред.) көлемінде айыппұл салынды», – дейді полиция полковнигі.
Сондай-ақ жолаушыға қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиялық са­лауат­­тылығы саласындағы заң­­нама та­лаптарын, сондай-ақ гигиена­лық нормативтерді бұзу) бойын­ша әкімшілік хат­тама тол­тырылып, ол Атырау бөлім­шелік Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапа­сы мен қауіпсіздігін бақылау басқар­масына жіберілді.