Облыстық полиция департаментінің басшысы Ж.Бақтыбаевтың айтуынша, марқұмның туыстарына қатысты Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Материал облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментіне жолданыпты. Ал қайтыс болған адамның туыстары жаназаға ағайындары мен жақын адамдары ғана жиналғанын айтады. Маңғыстау облысында 3 тамыздан бастап карантин талаптары қайта күшейтілді. Жаңа қаулыға сәйкес, 3 тамыздан бастап облыста барлық ұйымда жиналыстар, кеңестер, конференциялар, форумдар, семинарлар, съездер, көрмелер, тренингтер, оқыту курстарын және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу рәсімдері т.б.), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды, соның ішінде ашық ауада өткізуге тыйым салынды.
Дайындаған Тұмар МЫРЗА