Игі істер жалғасуда
Игі істер жалғасуда
148
оқылды
Бүгінде ақ халатты абзал жандарды қолдау мақ­сатында дәрігерлерге «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясы еліміздің барлық аймағында ұйым­дас­тырылуда. Ізгі шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өс­келең ұрпақ арасында мейірімділік пен қайырымдылық қасиетін насихаттау мен ақ халат­ты абзал жан­дарға құрмет көрсету, олардың жұмысын бағалау. Аталған акция аясында Қызылорда облыстық мәс­лихатындағы «Nur Otan» партиясы депутат­тық фракциясының  мүшесі, партия белсендісі, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бағдаулет Ма­қа­шовтың қолдауымен облыс орталығында ор­наласқан облыстық медицина орталығы, қала­лық аурухана, жедел жәрдем, облыстық тубер­кулезге қарсы диспансеріне, жалпы 1 700 қыз­меткер мен емделушілерге арнайы ас берілді. Яғни, 4 ірі қара еті, 150 литр шұбат пен 150 литр қы­мыз және дәруменге толы жеміс-жидектер адам жанына араша түсіп жүрген дәрігерлер мен ем­делушілерге арналды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ