Білікті заңгерлер көмектеседі
Білікті заңгерлер көмектеседі
Мұндағы инфрақұрылымдық мәселелер бір­тін­деп шешіліп келеді. Жыл соңына дейін мұнда жо­ба бойынша ауызсу құбыры тартылып, сапалы электр қуатын беру үшін желі салынып бітеді. Кө­­гілдір отын да жоспардан бұрын келетін болды. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жұ­мыстар аяқталса, қыркүйек айында жолға асфальт тө­селеді. Тұрғындарды мазалайтын ең қиын жағдай – жер учаскесінің құжатын реттеп, заңды тұлғаны анық­­тау. Тұрғындардың басындағы күрмеулі мә­селе  біраз уақыттан бері шешімін таппай келген еді. Бүгінгі күнге дейін 29 жер учаскесінің құжаты түр­­лі мекемеге жолданып, шешімін күтуде. Соңғы үкімді сот айтады. Кездесу кезінде тиісті сала басшылары түсін­ді­­ріп, жер учаскесі иелерінің бір тоқтамға кел­гені­нен даулы 7 учаскенің мәселесі шешілді. Қалған аза­маттарға кәсіби түрде құқықтық көмек көрсету үшін «Әділет групп» компаниясы мен тиісті сала өкіл­­дері әр сәрсенбі күні келіп, тұрғындармен кез­­д­есетін болды.  

Әбілмансұр ЖАСАН