Елбасыға есеп берді
Елбасыға есеп берді
5,172
оқылды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты және Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады.

Ұлттық банк төрағасымен кез­десу барысында Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің кеңей­тілген оты­рысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған ел эконо­микасының одан ары өсуін ынталандыру шаралары талқы­ланды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа инфляцияның қазіргі жағдайы мен елімізде несиелік-қаржылық саясатты жүзеге асыру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Алматы қаласының әкімімен кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Nur Otan партиясы қалалық филиалының партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағ­дарламасы бойынша жоспарлары баяндалды.

Б.Сағынтаев Елбасына партия­ның қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы­ның нәтижелері жөнінде мәлімет берді. Nur Otan партиясының Төрағасы Прези­дент пен партияның сайлауалды тұғырнамасының, сондай-ақ съездерде қабыл­данған шешімдер­дің сапалы орындалуын қадағалау­ды қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге, Қазақстанның Тұңғыш Президенті партия алаңында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін жағдай жасаудың маңызына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ кездесу барысында Nur Otan фракциясының қалалық мәслихаттағы рөлін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейту және Jas Otan Жастар қанатының белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды.