Бейруттағы жарылыс: Көз жұмғандар саны 78-ге жетті

Бейруттағы жарылыс: Көз жұмғандар саны 78-ге жетті

Бейруттағы кемежайда болған жарылыстан көз жұмғандар саны 78 адамға жетті, 4 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлады  "Аль-Джазира" телеарнасы  Ливанның денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл ретте Ливан билігі қаза тапқандар саны бұдан көп болады деп күтуде, өйткені көп адамдар із-түзсіз жоғалған,  қираған ғимараттар астынан адамдардың мәйіті іздестірілуде.
Қатты жарылыс Бейруттағы кемежайда сейсенбіде кешке болды. Қаладғы ғимараттардың жартысы зақымданды, аурухпналар зардап шеккендерге толы.