Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаһан

Мүддені қарумен қорғайтындар

Жақында Беларусьте ресейлік «Вагнер» жеке әскери ком­паниясының 33 жендеті ұсталды. Минск олар елдегі президент сайлауы алдында арнайы тап­сырманы орындау үшін келген деп айып тағуда. Аталған «Вагнер» бұған дейін Украинада, Сирияда, Ливияда, Суданда бой көрсеткен еді. Егер олардың алдына нақты міндет қойылғаны рас болса, Мәскеу көр­шілерге қатысты мүддесін қарумен де қорғағысы келетінін кезекті рет көрсетті. Себебі «өлім машинасы» аталатын жеке әскери компаниялар нақты ақшаға нақты әскери тап­сырманы орындау үшін жіберілетіні белгілі.

«Айқын» ақпарат
Тамыз 5, 2020
Жаһан, Әлем, Жаңалықтар
Belarys
25
қаралым

Жалпы, жеке әскери компания алғаш рет 1967 жылы Ұлыбританияда құрылған. Британ армиясының офицері Дэвид Стерлинг Watchguard International  атты әскери компанияның негізін қалайды. Ол Таяу Шығыс елдерінде күзет, армияны жаттықтыру, көтерілісті басуда әскери-техникалық тұрғыда көмектесу сияқты қызмет көрсеткен. Бүгінде әлемнің ірі жеке әскери компанияларының қатарына G4S Plc., Securitas AB, ADT Inc., Allied Universal, DynCorp және басқаларын жатқызуға болады. Олардың әрбірінің табысы бірнеше миллиард долларға дейін жетеді. Жалпы, бүгін әлемдік жеке әскери компаниялардың жылдық нарығы 250-270 млрд доллар деп бағаланады. Мәселен, тек АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі 1994 жылдан бері жеке әскери компаниялармен құны 300 млрд доллардан асатын 3 600-ге жуық келісімшарт жасасқан екен.

Мұндай компаниялардың табысы соғыс кезінде арта түседі. Сомали, Кувейт, Ирак, Ауғанстанда оларды коалиция күштері, халықаралық ұйымдар түрлі мақсаттарға жалдады. Соғыс бар жерде өлім де бар. 2012 жылы аталған елдерде келісімшартпен барып, көз жұмғандар саны 3 мыңнан асқан екен.

Мұндай ірі нарықта Ресей де шет қалмасы анық еді. Ресей Украина құрамындағы Қырымды жаулап алып, шығысындағы Донбаста сепаратистік соғыс ашқан соң, бейресми тапсырмаларды орындау үшін «Вагнер» жеке әскери компаниясын қолданды. Оның негізін қалаушы Ресей армиясының арнайы жасағында қызмет етіп, босатылған бұрынғы офицер Дмитрий Уткин есептеледі. Вагнер – оның лақап аты. Ал компанияны қаржыландырушы немесе шынайы иесі Евгений Пригожин есептеледі. Ол Ресей президенті В.Путинге жақын олигархтың бірі саналады.

57 жасында бірінші рет жеке куәлік алды

Ауыл шаруашылығы министрлігі «қауіпті қызанаққа» қатысты түсініктеме берді

Жастардың шетелге көшуіне не себеп?

Түрлі мәліметтерге сенсек, бүгінде «Вагнерде» 2 000-2 500 жуық жалдамалы жауынгер қызмет етеді. Бұған дейін олар Украина, Сирия, Ливия, Сомали, Орталық Африка Республикасында түрлі тапсырмалар орындағаны белгілі. Ресей басшылығы аталған компаниямен байланысы бар екенін мойындаған емес, тек ресейліктер шетелде соғыса алатыны жайлы айтады. Алайда Ресейдің Қылмыстық кодексі бойынша, жалданып, қарулы қақтығыстарға қатысуға тыйым салынған.

«Вагнер» жеке әскери компаниясының жендеттері бұған дейін Сирияда бірнеше ұрысқа, соның ішінде Пальмира үшін болған қақтығысқа да қатысты. Жалпы, 2013-2017 жылдары Шам елінде жүзге жуық жалдамалы опат болды деген дерек бар. Венесуэла президенті Модуроға өз халқы қарсы шығып, АҚШ әскери шабуыл жасамақ болғанда да вагнерліктер Латын Америкаға аттанды деген мәліметті Рейтер ақпарат агенттігі таратқан болатын. Бұдан бөлек, бұл компанияның қызметіне Судан және Орталық Африка Республикасының басшылары 2017 жылы жүгінген еді. Олар күзет және жергілікті сарбаздарды жаттықтырумен айналысқан секілді. Есесіне, жоғарыда аталған Пригожинге қарасты «М Инвест» және Meroe Gold компаниялары осы елдерде алтын қазу құқығына ие болды.

Жалпы, олигарх, «Вагнер», олардың тапсырмалары жайлы мәлімет аз. Оны табуға тырысу қауіпті саналады. Мәселен, 2018 жылы шілдеде Пригожиннің жалдамалы жендеттермен байланысын, «Вагнердің» қызметін зерттеуге аттанған ресейлік үш журналист Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемал Орталық Африка Республикасында қаза тапқан болатын.

«Вагнер» құрамында тек ресейліктер ғана емес, Украина, Беларусь, Сербия, Молдова азаматтары да бар екені мәлім. Минскте ұсталғандардың да ұлттық құрамы сан алуан. Мәселен, Украинаның арнайы қызметі бұл компанияда 40 украиндық қару ұстап жүргенін мәлімдеген. Соған қарағанда сепаратистік Донбасс өңірінің өкілдері болса керек-ті. Жұмыс қауіпті болуына қарамай, ұрысқа асығатын кісілер әрдайым табылатыны белгілі. Оған қоса, жалақы да жаман емес екен. Мәселен, кейбер деректер бойынша, «Вагнер» жауынгеріне Ресейде жаттыққанда 50-80 мың рубль төленеді, шетелдік операцияға жіберілсе, 150-200 мыңға дейін жетеді. Ал ірі ұрысқа қатысса, 300 мың рубльге жетеді немесе 4 100 доллар. Бұл Ресей үшін үлкен табыс саналуы мүмкін. Алайда Батыс елдеріндегі жеке әскери компанияларда жалақы 9 000 –
22 000 доллардың арасында. Яғни, вагнерлік­терге қарағанда бірнеше есе көп. Ал төнетін қауіп бірдей.

 

БайғараНұрмұхамед БАЙҒАРА

 

 

 
Тегтер: «Вагнер» жеке әскери компаниясыәскери компанияБеларусьВагнермүддеРесей
Алдыңғы жаңалық

Денсаулық сақтау вице-министрі әйел адамды тұншығудан құтқарып қалды

Келесі жаңалық

Түркістан облысында ми тамыры зақымдалған жүкті әйелді дәрігерлер аман алып қалды

Ұқсас жаңалықтар

Тараз, қылмыс, шот-фактура, қылмыстық іс
Жаңалықтар

Таразда мемлекетке 10 миллиард теңге шығын келтіргендер ұсталды

Қаңтар 21, 2021
Жүргенов академиясы, би, жарыс, байқау
Жаңалықтар

Uly Dala Jastary: Жеңімпаздар Жүргенов академиясына емтихансыз оқуға қабылданатын болды

Қаңтар 21, 2021
қар барысы, арыстан, туризм академиясы, Қайрат Зәкіриянов
Жаңалықтар

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 2021
пневмония, ауру, науқас, адам өлімі
Жаңалықтар

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таразда мемлекетке 10 миллиард теңге шығын келтіргендер ұсталды

Қаңтар 21, 10:28

Uly Dala Jastary: Жеңімпаздар Жүргенов академиясына емтихансыз оқуға қабылданатын болды

Қаңтар 21, 10:10

«Арыстанды Африкада өзім ауладым» – Академия президенті Зәкіриянов даулы фотоға қатысты пікір білдірді

Қаңтар 21, 09:44

Пневмониядан екі адам қайтыс болды

Қаңтар 21, 09:18

Алматы облыстық соты карантинге жабылды

Қаңтар 21, 08:43

АҚШ-та 8 миллион адам тақыр кедей болды

Қаңтар 21, 08:29

Коронавирусқа шалдыққандар саны тағы да көбейді

Қаңтар 21, 08:10
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Тараз, қылмыс, шот-фактура, қылмыстық іс

Таразда мемлекетке 10 миллиард теңге шығын келтіргендер ұсталды

Қаңтар 21, 2021
Жүргенов академиясы, би, жарыс, байқау

Uly Dala Jastary: Жеңімпаздар Жүргенов академиясына емтихансыз оқуға қабылданатын болды

Қаңтар 21, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»