Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Ажырасу мен татуласудың арасы бір-ақ қадам

Қазақстанда ажырасу көбеймесе, азаймай тұр. Себеп те сан түрлі: отбасындағы кикілжің, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, мемлекеттен жәрдемақы дәметіп ажырасқанның кебін кию, суыған сезім. Осылай екіге кеткен соң шаңырақ шайқалып, бала әкесіз не анасыз қалады. Соттағы талас тағы бар: алимент сұрау мен мүлікті теңдей бөлу де үлкен шаруа. Отбасындағы жарасымды қалыпқа келтіру үшін жасалатын шаралардың оң нәтижесі бар ма? Ажырасудың арғы жағында тұрған себептерді саралап көрдік.

«Айқын» ақпарат
Тамыз 5, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
ajirasy
448
қаралым

 

Пандемия статистикаға қалай әсер етті?

2020 жылдың алғашқы бес айын­дағы ста­тистика бойынша қаңтар-мамыр ара­лығында жалпы саны 36 417 неке тір­кел­ген. Былтыр осы ара­лықтағы неке са­ны 48 189 болған екен. Некеге тұрғандар са­ны, әсіресе коронавирус пандемиясы жа­­­рия­ланған кезде еселеп азайғанын бай­қадық. Салыстырмалы түрде айтар бол­сақ, былтыр сәуірде 10 794 отбасы шаңырақ көтерсе, биылғы сәуірде бар бол­ғаны 3 829 неке тіркелген. Ма­мыр­д­ағы көр­сеткіш бір жыл бұрын 9 458 болса, осы жы­лы — 4116. Алғашқы бес айда неке­лескендердің 24 430-ы қа­ла тұрғыны бол­са, 11 987-сі ауылда тір­келген. Ажырасу көр­­­сеткішіне кел­сек, қаңтар-мамыр ара­лы­ғында 11 326 отбасы ажырасып, оның 3014-і ауыл, қалған 8 312-сі қала халқы бо­лып отыр. 2019 жылдың бірінші бес айын­­да 24 003 отбасы ажырасқан.

Аймақта ажырасу көбейді: кінәлі кім?

Ұл болсын: қыздың ұлдан несі кем?

Қазақстанда ажырасу азайды

Статистика комитетінің де­рек­те­рі­не сүйенсек, ажырасатындардың де­ні 30-34 жас аралығындағы, үйлен­ген­деріне 5 жылдан асқандар екен. «Қа­зақстанның тең құқық және тең мүм­кіндіктер институты» қо­ғам­дық қо­ры былтыр «Қазақстандық отбасы — 2019» баяндамасын әзірлеген бола­тын. Соның аясында жасалған зерт­теудің нәтижесінде сауалнамаға қа­тысу­шылардың 61 пайызы ажыра­су­дың басты себебі ретінде туыстардың ара­ласуы деп жауап берген. 35,9 пай­ызы отбасы құндылығының жо­ғалғанын айтса, 28 пайызы өзімшілдік сал­дарынан депті. 28 пайызы әлеу­меттік желілердің әсерінен ажырасу кө­бейді деп ойласа, 25 пайызы ажы­расу процесінің тым жеңілдігін желеу ете­ді деген. Бір қызығы, материалдық жағдайға байланысты ажырасады деп респонденттердің 1 пайызы ғана жауап беріпті.

 

Отбасын жарастыратын сот

Ажырасу белең ала бастағанын байқаған сәттен Жоғарғы сот «Отбасылық сот» атты қанатқақты жобаны қолға алған. Екі жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан бастаманың мақсаты — күйзеліске түсіп, тығырыққа тірелген жұптың жақсылап ойланып, отбасын ойран етпеуіне ықпал ету. Осы орайда, ажырасуға ниеттілерге құқықтық және психо­логиялық қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде отбасы сақталып қалады, болмаса ажы­расқан соң жақсы қарым-қатынаста қа­луына әсер етеді. Жоғарғы сот кәмелетке толмаған балалар жасаған қылмыс, алимент алу, мүлікті бөлу, тұрмыстағы зорлық-зомбылық және осы сынды барлық мәселенің басын біріктіріп, осы «Отбасылық соттың» қарауына беру туралы идеяны іске асырып көргісі келеді. Өйткені бұл мәселелер бір-бірімен тығыз байланысты.

ajirasy1

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының отбасылық соты Айгүл Елубайқызы «Елімізде ажырасудың көбейіп кеткені отбасы құндылығының жоғалуына байланысты», – дейді. «Қазір ажырасып жатқан жастардың ата-аналары қайта құру кезінде, ауыр кезеңде өмір сүргендер. Зауыт-фабрикалар жабылып, әйелдер жаппай базарға шықты. Әупірімдеп жүріп бала-шағаны асырауды мойнына алды. Ерлер болса, көпшілігі жұмыс таба алмай, үйде жатты. Ақыры отбасын өзі алға сүйреуден шаршап, кейбірі ажырасты. Міне, отбасының қандай болатынын, оның қандай құндылық екенінен бейхабар ұрпақ бүгінде оп-оңай ажыраса салады. Үйде әйелдің табыс тапқанын көріп өскен ұл отбасын асырау міндетін жеткілікті түрде сезінбейді, қыздар болса, «ажы­расқанда тұрған ештеңе жоқ, анамыз бізді де адам қатарына қосты» деп жеңіл қарайды. Былай қарасаңыз, бүгінде күштеп үйлендіру жоқ. Сонда да ажырасу азаймай отыр. Көбімен сөйлесе келе балалық шағының бақытты өтпегенін байқаймыз. Не толық емес отбасында өскен, не әкесі анасын соққыға жығатын жағдайлар жиі кездеседі», – дейді Айгүл Молдыбаева.

 

«Бала үшін шыдау» дұрыс па?

Кикілжіңді шешуге тырысқан жөн-ақ. Татуластырып, мәмілеге келтіру де құп­тарлық. Дегенмен ажырасудан өзге амалы жоқ тарап бар. Ол  тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болып жүр­гендер. Яғни, күнделікті ұрыс-керіс, оның соңы ұрып-соғуға әкелетін кездерде «бала үшін шыдау» психологиясының жөн емесін ескеру қажет. Яғни, толық от­басында өскенімен, бақытты отбасында жапырақ жаймаса, балаға тиер кері әсері көп болады. Биыл болған бірнеше жағымсыз жайтты еске сала кетейік. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жылдар бойы әйелін таяқтап, ақыр соңында 29 жастағы жұбайын бала­ларының көзінше жауыздықпен өлтірді. Батыс­қазақстандық ер адам әйелі мен 7 және 8 жасар қыздарымен қоса тірідей отқа ораған. Нұр-Сұлтанда таяқтың астында қалған әйел ақыры жан тап­сырып, артында 9 және 2 жастағы қыздары қалған. Мұндай оқиға айта берсе, өте көп. Айгүл Елу­байқызының айтуынша, әйел өзін сыйлата білмесе, ұрғанға көніп, отбасын сақтағаны еш пайда бермейді. Қайта баланың түсінігін теріс бағытқа бұруы мүмкін. «Бізге 20 жылдан астам уақыттан бері күйеуінің ұрғанына көніп жүргендер келеді. «Осын­ша уақыт не үшін шыдап келдіңіз?» деп сұраймыз. Олай көнуге болмайды. Өйткені әкесінің  ұрғанын көріп өскен баланың анасына жаны ашитыны анық. Бірақ оған деген құрметі азаюы мүмкін. Екінші жағынан, анасының таяқ жеп, сонда да үндемей шыдағанын желеу етін өз әйелін сабауды норма санап кетеді. Бұл дұрыс емес». Бүгінде тұрмыста зәбір көр­гендердің құқығын қорғайтын ұйымдар бар. Сол ұйымдарға барып, мәселені шешуге болады.

 

Бір ай және бір күн — татуласуға мүмкіндік

Қос тарап екіге бөлінуге бел буғанда арасында ортақ мүлік пен бала болмаса, Азаматтардың хал-актілерін тіркеу (АХАТ)  органына барып немесе eGov арқылы онлайн өтінім беруге болады. Мұндай жағдайда ажырасу процесі оңай жүреді. Алматы қаласы Медеу аудандық әкім аппаратының АХАТ бөлімінің маманы Гүлбану Амантайқызы «Заң бойынша ажырасуға өтініш берген күннен бастап жұбайларға бір ай, бір күн уақыт беріледі. Одан бұрын дереу ажы­растыру мүмкін емес. Бізге келгендерге уақыт берілетінін айтып, басшылықпен жолық­тырамыз. Басшымыз сөйлесіп, мәселенің мәнін сұрайды. Егер сонда да татуласу мүмкін емес десе, жеке куә­ліктерін көрсетіп, неке қию туралы куә­лігін тапсырып, 2 АЕК көлемінде 5 556 теңге БАЖ салығын төлеп, арыз қалдырады. Негізі, сөйлесіп, татуластыру біздің міндетіміз емес. Біз тек тіркеп аламыз. Жалпы алғанда, ажырасуға ниет­тілердің тек 5-10 пайызы ғана өті­ніштерін қайтарып алып, татуласып жата­ды. Ондай­лардың көбі қызбалықпен ше­шім қабылдап қойғанын, енді ажырасу туралы ойдан арылғандарын айтады»,– дейді маман.

 

Жадыра АҚҚАЙЫР

 

 

 
Тегтер: ажы­расу процесіажырасунеке
Алдыңғы жаңалық

Балалардың құқығын қорғау үшін «111 жедел қызмет» байланыс орталығы іске қосылады

Келесі жаңалық

Интернатура мен резидентура студенттері дәстүрлі форматта оқитын болды

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан, Стамбұл, Ақтау, Үргеніш, әуе рейсі
Жаңалықтар

Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады

Наурыз 5, 2021
нысан
Туризм

Туристерді тамсандырар нысандар

Наурыз 5, 2021
ауа райы, мереке, наурыз, боран
Жаңалықтар

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 5, 2021
«Ремизовка» зираты
Әлеумет

Қария ата-анасының сүйегін таппай қалды

Наурыз 5, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады

Наурыз 5, 12:42

Туристерді тамсандырар нысандар

Наурыз 5, 12:30

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Наурыз 5, 12:11

Қария ата-анасының сүйегін таппай қалды

Наурыз 5, 12:00

Алаяққа сенген тұрғын 3 миллионға жуық теңгесінен айырылды

Наурыз 5, 11:53

Солтүстікте боранға байланысты жолдар жабылды

Наурыз 5, 11:33

Ұстаз

Наурыз 5, 11:30
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Түркістан, Стамбұл, Ақтау, Үргеніш, әуе рейсі

Түркістаннан Стамбұлға тікелей әуе рейсі ашылады

Наурыз 5, 2021
нысан

Туристерді тамсандырар нысандар

Наурыз 5, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»