Жетістікке бастайтын жеті серпін
Жетістікке бастайтын жеті серпін
167
оқылды

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиа­лы халықпен тығыз бай­ла­ныс орнатуды қолға алды. Бұл ретте Өмірзақ Шөкеев аймақтық деңгейде алғашқылардың бірі болып Nur Otan партиясын қайта жандандыру аясында облыстық мәслихаттағы депутаттық фрак­цияның рөлін күшейту және кадр­ларды жасарту жұмыстарын бастады.

Нақтырақ айтар болсақ, Nur Otan партиясының Түркістан облыс­тық филиалында депутат­тық фракция жетекшісі мен пар­тиялық бақылау комиссия­ның төрағасы ауысты. Түркістан облыстық мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының жетек­шісі болып Мұрат Төлте­баев, ал аймақтық партиялық бақылау комиссияның төрағасы қыз­метіне Қайнар Абасов тағайын­далды.

Сондай-ақ Nur Otan партиясы Түркі­стан облыстық филиалы 21 та­мыз күні елордадағы Саяси кеңес­те қарал­ған өзекті мәсе­ле­лер мен оны облыс аймағында іске асырудың тиімді жолдарын талқылау мақ­са­тын­да Саяси кеңес мәжілісін өткізді. Жиын­да Nur Otan партия­сы Түркістан облыстық филиалы­ның төра­ғасы, облыс әкімі Өмір­зақ Шө­кеев жаңғырту бағ­дар­ла­ма­сына кеңінен тоқталып, облыс­та жү­зе­ге асыру барысы бойын­ша жеті тапсырма жүк­теп, басқа да жауапты жұмыс­тардың орын­далуын қадағалай­тынын айтты.

Бірінші тапсырмасында Өмір­зақ Шөкеев партияның белсенді мүшелерін айқындап алуды тап­сыр­ды.

– Партияда ел дегенде жана­шыр­­лықпен жұмыс істейтін, ха­лық­қа шын жаны ашитын бел­сен­ді­лер жүруі керек. Арыс қала­сын­да­ғы жүйе секілді әр аудан­нан бел­сенді 10 адамнан жинап, пар­тия атынан халықпен тығыз жұ­мыс істейтін опера­тивтік топ құру­ды тапсырамын. Бұл топқа зия­лы қауым, елге сөзі өтетін аза­мат­тар, азаматтық қоғам, жас­тар­дан өкіл енуі тиіс. Олар­дың ұсы­ныстарын тыңдап, партия ая­сында бірге жұмыс істеуіміз қа­жет. Праймериз (партия ішіндегі дауыс беру) әдісін қолдана оты­рып, олардың арасынан ең үздігін таңдап пар­тия мүшесіне қабыл­дай­мыз, – деді облыс әкімі.

Екінші тапсырмада, бір тарап­тан жергілікті әкімдік, басқарма басшылары, екінші тараптан зиялы қауым, белсен­ділерді тарта отырып диалогтық алаң құрып, пікірсайыстар өткізу керек еке­нін айтты. Ал үшінші ұсыны­сын­да, қоғамдағы тамы­рын тереңге жайған жемқорлық індетімен күресу мәселесін сөз етті. Ол үшін, ең алдымен, об­лыстағы үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық сектор өкілдерімен анализ жасап, жұмыс жоспарын түзіп, бірге жұмыс жүр­гі­зудің маңызы жоғары екенін айтты. Төртінші тапсыр­ма­сын­да, партия азаматтардың өзек­ті мәселелерін шешуде, олардың әлеуметтік жағдайын түзеуге көмек көрсетуі тиіс деп есептей­ті­нін жеткізді. Мысалы, халқы тығыз қоныстанған оңтүстік өңірден солтүстікке көшіру бо­йын­­ша «Еңбек» бағдарламасын Nur ­Otan партиясының Түркістан об­лыстық филиалы жақсы наси­хат­т­ауда. Осы бағыт­тағы жұмыс­тар­ды жал­ғастыру бүгінгі күні ма­ңызды міндет­тердің бірі болып тұр.

Бесінші жүктемесінде, пар­тия­да қарапайым халықпен қатар кәсіпкерлерге заң жүзінде кеңес беріп, олардың арыз-шағы­мын тыңдайтын Қоғамдық бизнес-қа­был­дау ашу керегін тілге тиек етті. Сонымен қатар аудан­дарда қо­ғам­дық қабылдау өткізіп, оны әлеу­мет­тік желі­лерде тікелей эфир арқылы көрсетуді тапсырды.

– Партия ашық болуы тиіс. Партия мүшелері халықпен кез­десуі керек. Алайда олар сол кез­десуге дайын ба?! Халықпен кері байланыста, антидағдарыс жағ­да­йында өзін ұстау, сөйлесе білу мәдениеті бойынша оқыту тре­нинг­терін өткізу қажет, – деді Өмір­зақ Шөкеев.

Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы алтын­шы міндеттемесінде: «Об­лыс­тағы, аудандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайды на­сихаттауда БАҚ өкілдері бел­сен­­ділік танытып, объективті мате­риал жариялауы тиіс» десе, же­тіншісінде «Елбасы тапсыр­ма­сы­на сәйкес «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласы ая­сын­да «Ауыл – ел бесігі» жоба­сын облыста қарқын­ды жүзеге асыру­ды тапсырды.

Жиында сондай-ақ облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев соңғы жылдары облыс көлемінде балалар арасындағы қылмыс, әлімжеттік, бала құқы­ғының аяқасты болуы күрт артып кетуі­не байланысты отбасы инс­ти­тутын қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы ая­сын­да облыс бойынша өмірлік қиын жағ­дайдағы көпбалалы отба­сы­ларға мониторинг жүргізіліп жат­қанын жеткізді.

Қазіргі кезде облыстағы жол саласына тұрғындар тарапынан көп шағым түсуде. Статистикаға сүйен­сек, осы аудандар бағытын­дағы жолдың нашарлығынан 2019 жылдың алғашқы 7 айында 117 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам қайтыс болған. Сондық­тан жолдарды жаңартып және осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін партияның XVIII съезінде қабылдаған «Құтты мекен» жоба­сы аясында партиялық бақылауды күшейту қажет екенін атап өтті.

– Nur Otan партиясы Түр­кістан облыстық филиалының жанынан «Түркістан талқы» диалогтық ала­ңын іске қосуды жоспарлап отыр. Осы жоба арқылы біз қоғам­дағы, өңірдегі ең өзекті мәселелерді ашық талқылаймыз. Елдің пікірін тыңдаймыз. Халықпен диалог орнатуда осы бастама тың серпін береді деген сенімдемін. «Құтты мекен» жобасы аясында да Түркі­стан қаласы мен облыс көлемінде жүр­гізіліп жатқан құрылыс ны­сан­дарына пар­тиялық бақылауды күшейтіп, Арыстағы зақымданған, бұ­зылған нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын қадағалауды күшейтеді, – деді партия төра­ға­сы­ның бірінші орынбасары Б.Тәжібаев.

Жиынды қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев тұрғындармен диалог, кері байланыс орнату, олар­мен жұмыс істеу маңызды мін­деттердің бірі екенін айтты. Осы орайда халықпен тікелей жұ­мыс істейтін мемлекеттік қыз­мет­кер­лерге, партия мүшеле­рі­не атал­ған принициптерді негізге алу­ды тап­сы­рып, жиында жүк­тел­ген тап­сыр­ма­лардың орын­далуы қатаң бақы­лау­да бола­тынын жет­кізді.