Балаларға ойыншық сыйлады

Балаларға ойыншық сыйлады

Балабақшаға жас өскіндердің эмоционалды, әлеуметтік дам­уына қолайлы жағдай жасау және олардың жағымды жеке қасиеттерін қалыптастыру үшін арнайы жұмсақ доптар мен фитнес шарлар, ірі конструкторлар, ойыншық көліктер мен екіжақты магнитті тақталар табысталды. Қайырымдылықтың басты мақсаты – ерекше балаларды күнделікті психологиялық жат­тығулар мен бала денсаулығына қажетті ойыншықтармен қамта­масыз ету. Аталған игі іске кәсіп­кердің жеке қаражатынан 200 000 теңге бөлінді. «Біздің балабақшаға қа­жет сұранысымызды елеусіз қалдырмай, арнайы келгендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Біз үшін, біздің балаларымыз үшін бұл ерекше қолдау. Енді бүлдіршіндеріміздің уақытын тиімді және көңілді өткізуіне жақсы мүмкіндік туып тұр», – деген №2 балабақша меңгерушісі Гүлнар Ахметжанқызы осы шара­ны ұйымдастырушылар мен қолдаушыларға өз ризашылығын білдірді.  

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ