Ливандағы қазақстандық бітімгерлер Бейруттағы жаралыстан зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ливанда БҰҰ миссиясының құрамында қызмет етіп жатқан қазақстандық бітімгерлер Бейрутта болған жарылыс салдарынан зардап шеккен жоқ. Қазақстандық бөлімше төтенше жағдай болған жерден шалғайда орналасқан.Қазіргі уақытта қазақстандық әскери қызметшілердің төтенше жағдай салдарын жоюға жұмылуы жоспарланып отырған жоқ», - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы полковник Әсет Аққозиновте қазақстандық бітімгерлердің жаралыс салдарын жоюға қатыспайтындығын айтты.
«Алаңдаушылық танытып, сауал жолдап жатқандарыңыз үшін ризашылық білдіреміз. Біздің бөлімше оқиға болған жерден шалғайда орналасқан. Оларда бәрі жақсы және жарылыс салдарын жоюға қатысуы жоспарланбаған», - деді ол.Қазақстанның Ливандағы бітімгершілік миссиясы 2018 жылдың қазан айында БҰҰ-ның мандатына сәйкес Ливанда қазақстандық және үнді бітімгерлерін бірлесіп өрістету туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін бастаған болатын. Осы айдың басында ғана Қазақстан Ливанға төртінші бітімгерлер тобын жіберген еді. Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында жойқын жарылыс болды.