Шымкентте қару ұрлаған сарбаз: Қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті
Шымкентте қару ұрлаған сарбаз: Қылмыстық іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті
© сурет интернеттен алынды
187
оқылды
Шымкентте Ордабасы ауданындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Іс сегіз адам бойынша жүріп жатыр, - деп хабарлайды otyrar.kz.  Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған.
"Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.
Оқиға №10216 әскери бөлімінде болған. Бұл - Шымкенттен 30 шақырым жердегі Бадам ауылы. Сол хабарламада 20 ақпанға қараған түні кіші сержанттың қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені айтылады. Ол өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ-дәрі алып кеткен делінеді.