Шымкентте Ордабасы ауданындағы әскери бөлімде қару-жарақ ұрлау ісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Іс сегіз адам бойынша жүріп жатыр, - деп хабарлайды otyrar.kz. Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған.
Оқиға №10216 әскери бөлімінде болған. Бұл - Шымкенттен 30 шақырым жердегі Бадам ауылы. Сол хабарламада 20 ақпанға қараған түні кіші сержанттың қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені айтылады. Ол өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ-дәрі алып кеткен делінеді.