Дуальды оқыту жүйесі – заман талабы
Дуальды оқыту жүйесі – заман талабы

Дуальды білім беру жүйесі – теория мен тәжірибені ұштастыруға мүмкіндік беретін ерекше бағдарлама. АҚШ, Германия, Австрия, Швейцария, Оңтүстік Корея және тағы басқа мемлекеттерде кеңінен қолданыста жүрген бұл бағдарлама бойынша білім алатын студенттер уақытының көп бөлігін мамандықтарына сәйкес кәсіпорынның қабырғасында өткізеді. Ал мұндай білім жүйесі бүгінде ең үлкен сұранысқа ие.

Бүгінде еліміздің алдыңғы қа­тарлы жоғары дамыған мемле­кеттердің қатарына қосылуы үшін алға қойған нақты мақсат­тары бар. Сол бағыттардың та­бысты іске асырылуы, ең алды­мен, білімнің сапасымен анық­талады. Соңғы жылдары еліміздің білім жүйесін жаңғырту мәселесі үнемі күн тәртібінен түспей, соның ішінде оқытудың мерзімі мәселесі қоз­ғалып, орта білім жүйесін жаңа технологияға не­гізделген білім беру стандарттары мен жаңа бағ­дарламалары, оқу­лықтар жобасы жасалып, олар барлық деңгейде талданып келе жатыр. Орта білім саласындағы бұл өзгерістер пе­дагогикалық білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізіп, педагогикалық оқу орындары білім нәтижелерін осы тұрғыдан қарастыруға бағыт алуда. Әсіресе, оқытудың дуальды жүйесі – техникалық және кә­сіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып отыр. Нақты өндіріс жағдай­ла­рына бейімделген, жұмыс ор­нында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практика­лық сағат­тардың оқыту бағдар­ламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуальды    жүйесі деген атпен мәлім.

Енді оның артықшылықта­рына тоқтала кетсек. Ең алдымен, бұл жүйе бойынша сабақ беретін оқытушылар техникалық өн­дірістің қыр-сырын жетік мең­герген компания қызметкерлері. Жоғары оқу орны, кәсіпорын мен студент арасында жасалатын ке­лісімшарт негізінде жүзеге асатын білім беру бағдарламасын құруға өнеркәсіп жетекшілері өздері атсалысады. Ең жақсысы, өзінде жұмыс істейтін болашақ маман­дардың қатарына қабыл­данған студентке шәкіртақы төлеу, оқу орындарын үйлестіру шығындарын кәсіпорын өз мойнына алады.

Сондықтан дуальды оқыту жүйесі өнеркәсіп саласына қа­жетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттан­ды­ратын негізгі жүйенің бірі болып табылады. Сондай-ақ дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді.

Бүгінде дуальды оқыту жүйе­сіне еліміздің 100-ден астам кол­леджі енгізілді. Қазіргі кезде қала­ларда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, ал жалпы алғанда, еліміздің 100-ден астам колледжінде ауыл ша­руа­шылығы, көлік, металлургия, ма­шина жасау, мұнай-газ, хи­миялық және кен өндірісі сала­ларындағы кадрларды дуальды білім беру жүйесімен дайындау элементтері енгізілу міндеттеліп отыр. Ал республика көлемінде 120-дан астам мамандық бойынша жаңа кадрлардың 70 пайыздық өн­ді­рістік тәжірибеден өте жүріп білім алуына жол ашы­лады. Осылайша, өндіріс орын­дары техникалық және кәсіптік білім беру мекеме­лерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады. Әлем тәжірибе­сіне үңілсек, Германияда ірі кәсіп­орындардың 90 пайызы, әрбір бесінші шағын өндіріс орны студенттерді оқуға қабылдайды. Білім алушылардың 68 пайызы оқу бітіргеннен кейін өз компа­ния­сында жұмысқа қалады. Италияда кәсіпкерлерге өздері оқытқан сту­денттердің кем дегенде 50 пайызын қызметке алып қалуды міндет­тей­тін заң бар. Бразилия кәсіпорын­дарына арналған мұндай мін­деттеме 5-15 пайыз аралығындағы студенттерді қамтиды. Дуальды білім беру жүйесіне ерекше жылы қарайтын Ұлыбританияда 2020 жылға қарай 3 млн студентті қамтитын үлкен жобаның жоспары бекітілген.

Біздің еліміз үшін де тех­ника­лық мамандықты игерген сту­денттер көптеп қажет. Бұл салада бөлінетін мемлекеттік гранттар­дың жылдан жылға ұлғаюы да – осы мамандардың тапшылығын жою үшін жасалып отырған бірден-бір қадам. Сондықтан 2020 жылға дейін дуальды оқы­тудың элементтері колледждердің 80 пайыздан астамына енгізіледі деп күтілуде. Расында да, кәсіптік және тех­никалық білім беруді дамытып, білім беруді дүние­жүзілік стан­дарттарға сәйкестен­діру керек. Себебі, ішкі еңбек нарығы жаңа ақпараттық тех­ноло- гиялармен қаруланған кәсіптік және тех­никалық білімі бар кадр­лары­мызбен толығу керек. Осы тұр­ғыдан алғанда оқы­тудың дуальды жүйесі техни­ка­лық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдары­ның бірі болып табы­лады. Нақты өндіріс жағдай­ла­рына бейім­делген, жұмыс ор­нында дағды мен білімді тікелей игеруге бағыт­талған, практика­лық сағаттардың оқыту бағдар­лама­сына барынша үйлесіммен бірік­тірілетін білікті мамандарды да­йындау бағы­тындағы жүйелі жұмыстар біртіндеп жасалып та келеді.

Қорыта айтқанда, кішігірім кә­­сіп­орындар үшін дуальды оқыту – талантты жастарды қолға түсірудің үлкен мүмкіндігі.

 

Ләйлә РУСЛАН