Елордадағы «Хан Шатыр» маңында жаппай төбелес болды - видео

Елордадағы «Хан Шатыр» маңында жаппай төбелес болды - видео

Нұр-Сұлтандағы «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығының жанында оннан астам адамның қатысуымен жаппай төбелес болды. Оқиғаны куәгерлер видеокамераға жазып алған. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Видео әлеуметтік желілерге тарап кеткеннен кейін қалалық Полиция департаменті оқиғаға кінәлілердің ұсталғанын мәлімдеді. Оқиға 1 тамыз күні кешкі сағат сегіз жарым шамасында болған.

«Төбелескендердің барлығы – жасөспірімдер, олар оқиға орнында ұсталды. Төбелеске себеп – екі баланың өзара ерегісі болған. Оның арты жаппай төбелеске ұласқан. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
https://www.instagram.com/p/CDeFAAmI91P/