Қазақстан дипмиссиясының басшысы Бейруттағы қызметкерлердің жағдайы туралы айтты

Қазақстан дипмиссиясының басшысы Бейруттағы қызметкерлердің жағдайы туралы айтты

Қазақстанның Ливандағы дипломатиялық миссиясының басшысы Ержан Қалекенов Бейруттағы жарылыстан кейін әріптестерінің жағдайы қалай екенін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бәрі дұрыс. Консул дін-аман. Ешкім жарақат алған жоқ, дипломаттардың отбасы мүшелері де аман-есен. Бәрінің дені сау, аман. Қазбаттағылардың да (Ливандағы бітімгерлік батальон) жағдайы жақсы", - деді Ержан Қалекенов.
Еске салайық, Бейрутта 4 тамызда кешке жойқын жарылыс болып, Ливан астанасындағы ғимараттардың жартысы зардап шекті. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 78 адам қайтыс болған. Ливанның премьер-министрі Хассан Диябтың айтуынша, жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. Жарылыс кезінде Қазақстан консулы зардап шекті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейруттағы жарылыстан кейін тапсырма берді.