Желіде Бейруттегі жарылыстың видеосы тарады
Желіде Бейруттегі жарылыстың видеосы тарады
© сурет интернеттен алынды
5,129
оқылды
Бейруттегі теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болып, 78 адам қаза тауып, 4 мыңнан астам адам зардап шекті.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның видеосы желіде тарап жатыр. Жарылыстың жойқан болғаны соншалық, жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері сынған.
Жергілікті биліктің алдын ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келгенін хабарлағанбыз.
Бейруттегі жарылыс бойынша Сыртқы істер министрі М.Тілеуберді түсініктеме берді. Бейрутте екі апталық төтенше жағдай енгізілді.  Ливанда 5 тамыз ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
https://www.instagram.com/tv/CDfXYCeB5GQ/