Ол «Еуразия» бірінші арнасына айтқан пікірінде жемқорлар қызметтен кетпей, коронавирустың алдын алу мүмкін емес екенін айтты. Министрлер кабинетінің жұмысын сынға алған депутат Нұржан Әлтаев әуелі жемқорлық тыйылмай, елдегі эпидемиологиялық ахуал түзеу қиын дейді. Мәжіліс депутаты коронавируспен күреске деп бөлінген миллиардтардың дұрыс жұмсалмай, халық игілігін көре алмай жатқанына тоқталды.
«Ең біріншіден бұл жерде мынау коронавирус емес, ең басты проблемалардың салдары ол – жемқорлық! Жемқорлықтың кең таралғаны. Сол жемқорлықты жеңбей, осы біздің мемлекеттік басқару жүйелерін өзгертпей, ешқандай нәтиже болмайды деп санаймын», – дейді Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев.Видео: "Еуразия бірінші арнасы". https://youtu.be/0xfcZjxkSzQ