Төтенше жағдай кезіндегі төрт түліктің шығыны төленіп жатыр
Төтенше жағдай кезіндегі төрт түліктің шығыны төленіп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
139
оқылды
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында болған төтенше жағдай кезіндегі мал шығыны толығымен төленді. Топан су басқанда жалпы аудандағы 22 отбасы 144 бас малынан айырылған еді. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік қоры арқылы түйеге – 300 мың теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін, жылқыға – 160 мыңнан 380 мың теңгеге дейін берілді. Сиырға – 110 мыңнан 220 мың теңге, уақ малға – 25 мыңнан 45 мың теңге аралығында және үй құстарыны әрқайсысына 2000 теңгеге дейін өтемақы төленді. Айта кетейік, жалпы тасқын судан зардап шеккен ауылдарды қоқыстан тазарту кезінде 930-дан астам малдың өлексесі шығарылған. Оның ішінде 40-ы ірі қара, 876-сы ұсақ мал, 9-ы жылқы және 6-ы түйе еді. Анықтау жұмыстары барысында төрт түліктің басым бөлігі Өзбекстан Республикасынан топан сумен ағып келгені белгілі болған. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы және аудандық «Ветеринариялық қызметі» КММ-нің өкілдерінен арнайы комиссия құрылып, жоғалған үй жануарларын түгендеу және малдың өлексесі жойылды.