Баспана алу үшін бастапқы жарна мөлшері азайды
Баспана алу үшін бастапқы жарна мөлшері азайды
Фото: Интернеттен алынды
124
оқылды
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында баспана алуға жаңа мүмкіндіктер жасалып жатқанын жазды.
«Әлеуметтік салада жұмыс істейтін жастарды, соның ішінде мұғалімдер, дәрігер, мәдениет және БАҚ саласының қызметкерлерін қолдау үшін «Алматы жастары 3.0» бағдарламасының шарттары барынша жеңілдетілді. Жылдық мөлшерлеме – 5%, бастапқы жарна 10%, несиелеу мерзімі 25 жылға дейін. Жасы 35 жастағы азаматтар», – деді әкім.
Әкім жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1035 адам жолдама алғанын атап өтті.