Қазақстан Президенті Ливан халқына көңіл айтты
Қазақстан Президенті Ливан халқына көңіл айтты
Фото: Интернеттен алынды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім», – деп жазды.
Айта кетейік, кеше Ливан астанасы – Бейрут қаласында жойқын жарылыс болды. Жарылыстан 100-ден аса адам зардап шегіп, қайтыс болғандар саны көбейді. Өртті толықтай сөндіруге жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр.