Қазақстанда 42 500 теңгеге өтініш беретіндердің қатары күн сайын көбейіп жатыр  
Қазақстанда 42 500 теңгеге өтініш беретіндердің қатары күн сайын көбейіп жатыр  
Фото: Интернеттен алынды
99
оқылды
5 тамыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды. 2,4 млн-нан астам өтінімнің ішінде: – 835,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; – 621,4 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы; – 358,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; – 634,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшаcы мен интернет ресурсы арқылы өтініш берген. Азаматтардың санаттары бөлінісінде: – 835,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта); – 216,4 мың өтінішті жалдамалы қызметкері үшін жұмыс берушілер берді; – 1 млн 398,5 мың өтініш азаматтардың басқа санатынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар). Төлем 2 млн 201 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 182 мың қазақстандыққа аударылды. Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 969,5 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 21 250 теңге төленді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады. Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ. Өтініштерді қабылдау биыл 1 қыркүйекке дейін жалғасады.