Орамжапырақ қымбаттап, қызанақ арзандады. Тамыздағы азық-түлік бағамдары.
Орамжапырақ қымбаттап, қызанақ арзандады. Тамыздағы азық-түлік бағамдары.
174
оқылды

2019 жылдың тамыз айында күріш бағасы 3,6 пайызға, тары – 2,7 пайызға, ұн – 1,2 пайызға өскен.

Сондай-ақ, шілде айындағы бағамен салыстырғанда кеспе 0,8 пайызға, вермишель мен рожки 0,5 пайызға, нан – 0,3 пайызға көтерілген.

Еттің құны да өскені байқалды. Тамыз айында сиыр еті 3,9 пайызға, тауық – 2,9 пайызға, қой еті – 1,8 пайызға, шұжық – 0,7 пайызға, консервіленген балық еті – 0,4 пайызға қымбаттады. Шәйдің құны 0,9 мен кәмпит бағасы – 0,5 пайызға өссе, қант 1,7 пайызға арзандаған.

Көкөніс өнімдеріне келсек, осы айда орамжапырақтың бағасы 21,1 пайызға көтеріліп, қызанақтың келісі 22,6 пайызға төмендеді. Ал картоп 1,6 пайызға өсті.