Қазақстанның бірнеше аймағында аптап ыстық болады
Қазақстанның бірнеше аймағында аптап ыстық болады
Фото: Интернеттен алынды
120
оқылды
Батыста, шығыста және оңтүстік-батысында биіктіктегі жыралардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейюі, дауыл күтіледі, батыста және орталығында бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлірінде дауыл күтіледі. Қостанай облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с, түнде басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады Атырау облысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.