Дәрігерлер коронавирус нәтижесі туралы анықтаманы ақшаға сатқан

Дәрігерлер коронавирус нәтижесі туралы анықтаманы ақшаға сатқан

Нәтижесінде, «COVID-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды.

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі: «Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды», – деп хабарлады.