Түркістан облысында жаңа орынбасар тағайындалды
Түркістан облысында жаңа орынбасар тағайындалды
5,174
оқылды

Бүгін Түркістан облысы әкімдігінде жаңа тағайындау болды. Атап айтқанда, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Сәкен Қалқаманов тағайындалды.

Журналистика саласында елеулі қызметтер атқарып жүрген танымал журналист Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов 1980 жылы 30 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген.

 Білімі – жоғары. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің «шетел тілін білетін журналист» мамандығы бойынша бітірген.

 Еңбек  жолын 1999 жылы «Қазақстанның телеарна және радиосы» Республикалық корпорациясында бастаған.

 2000 жылдардан бастап Қазақстанның телеарна және радиосы» Республикалық корпорациясында  түрлі лауазымдарда істеген.

2002 жылы «Астана» телеарнасында қызмет атқарып, 2005 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру АҚ ақпарат-талдау орталығының баспасөз қызметінде;

2008 жылдан бастап «ҚазАгро Ұлттық Басқарушы Холдингі»  АҚ  баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы;

2011 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс  басқармасының басшысы;

2016 жылдан 2018 жылға дейін түрлі жеке компанияларда және «КазАгроМаркетинг» ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болған.

2019 жылдан бастап, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2015 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болады.