Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді 13 сағатта жүзіп өтіп, рекорд жасады
Қазақстандық спортшы Ыстықкөлді 13 сағатта жүзіп өтіп, рекорд жасады
Фото: Интернеттен алынды
239
оқылды
Жетістігі туралы спортшы Facebook-тағы парақшасында жазды. Виталий Худяков Ыстықкөлді Шолпан атадан Қажысай жағажайына дейінгі аралықта жүзіп өтті. 56 шақырымға созылған бағдарды жүзіп өтуге 13 сағаттан астам уақыт кетті. Бұған дейін ешкім бұлай жүзіп өтпеген болатын. Спортшы 5 тамыз күні таңғы сағат 5-15-те жүзуді бастап, 18-30-да жүзіп өткен еді. Виталий Худяков – ашық суда жүзуден Азияның төрт дүркін чемпионы, Жағажайдағы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, әлем чемпионаттарында үздіктер ондығына енген. Виталий Худяковты суда жүзуге Евгений Худяков пен Бекен Тасбаев жаттықтырған.