Нөсер жаңбырдан соң Ақтауды су басты
Нөсер жаңбырдан соң Ақтауды су басты
Фото: Интернеттен алынды
273
оқылды
Әлеуметтік желіде Ақтау тұрғындары үйінің ішіндегі топан суды өздері тазалап жатқаны түсірілген видеолар таралып жатыр. «Алматыдағыдай жиі жаңбыр жауса, Ақтаудың үйлері шыдамайтыны көрініп тұр» деп таралған видеода жаңбыр суының шатырдан бастап, бірінші қабаттағы баспалдаққа дейін ағып жатқаны байқалады. Видеодағы жағдай 19-ықшамаудандағы «Тыныштық» тұрғын-үй кешенінде болғаны анықталды. Ақтау қалалық әкімдігі үйді жөндеп береді. Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, көшелердің суын соруға 35 адам жұмылдырылған.   https://www.instagram.com/p/CDhXS-JFUOZ/ «5 тамыздан 6 тамызға қараған түні қала бойынша толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қаладағы жолдарға су жиналды. Жауын суын сорғыту мақсатында коммуналдық кәсіпорындардан барлығы 4 бойлер-ассенизаторы, 10 мотопомпасы және 2 су сорғыш көлігі (ПНС) үздіксіз күні-түні қызмет атқаруда. Қазіргі уақытта 31а, 31б, 32а, 32б шағынаудандардың жол қиылысы мен 1 шағынаудан облыстық тіс емханасы маңы судан тазартылуда. Сонымен қатар, су жиналған орындарды тазалауға «Қала жолдары» ЖШС-нен 15 адам және Төтенше жағдайлар департаментінен 20 адам жұмылдырылды», – деп мәлімдеді.