Дәрігерлер Damumed-ке 13 500 жалған науқас тіркеген
Дәрігерлер Damumed-ке 13 500 жалған науқас тіркеген
© сурет интернеттен алынды
5,141
оқылды
Әлеуметтік желіде талқыланып жатқан Damumed қосымшасы айналасындағы дау Денсаулық сақтау министрлігінің назарына ілікті. Жүйеге жалған науқастардың көптеп тіркелуі, дәрігердің қабылдауында болмаған адамдардың болды деп көрсетілуі тексерілді. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасына қатысып, осы мәселе төңірегіндегі ойымен бөлісті.
Биылғы жылдың 6 айында 13500 мың жалған дерек анықталды. Әлеуметтік желіде көтерген мәселеде соң ДСМ және медициналық сақтандыру қорының арнайы мониторинг жасайтын жүйесі тексеріс жүргізді. Өтірік науқастар қайдан шығады? Дәрігерлер қордан артық ақша алғысы келеді. Содан әңгіме шығып отыр. Біз оның бәрін анықтап, оның алдын алу үшін  қолдан келгенді  істеп жатырмыз. Емхананың мамандары жалған ақпарат жіберетін болса, соның бағасынан үш есе артық айыппұл төлеуі керек жаңағы емхана. Жалпы 13500 жалған дерек болған, 75 млн теңге айыппұл төленді!" - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов
https://www.youtube.com/watch?v=A3LP6TUkPkQ&feature=emb_logo