Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді
Алматы облысында карантин режимі жеңілдетілді
© сурет интернеттен алынды
Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушы А.Чарапиев 2 тамыздағы «Алматы облысының аумағында қатаң карантиндік шаралар туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізді.
«Өзгертулерге байланысты жабық азық-түлік және барлық азық-түліктік емес базарлардың жұмыс істеуіне, сондай-ақ қала ішіндегі жолаушылар тасымалдаушы қоғамдық көліктердің шектеусіз қозғалысына рұқсат беріледі», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 шілдесінде Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болған еді. Қазір облыста мемлекеттік бас санитардың міндетін Асхат Чарапиев атқарады. https://www.facebook.com/ZhetysuPress/posts/1219733438376014