Орташа айлық жалақы 212 035 теңгені кімдер алады?
Орташа айлық жалақы 212 035 теңгені кімдер алады?
Фото: Жұмабек Айқынұлы
400
оқылды
Оның ішінде қаржы және сақтандыру саласының қызметкерлері ең жоғарғы 386 760 теңге жалақы алған екен. Ең төменгі айлық алатындар ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері. Олар 127 276 теңгені қанағат тұтып отыр.   [caption id="attachment_62916" align="alignnone" width="2000"] width= Жұмабек Айқынұлы[/caption] Қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы өткен жылдағы төртінші тоқсан қорытындысы бойынша 203,9 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы кезеңге қарағанда 15,8% -ға артық.   [caption id="attachment_62914" align="aligncenter" width="1280"] width= Жұмабек Айқынұлы[/caption] Былтырғы көрсеткіш бойынша айлығы жоғары аймақтардың қатарына мұнайлы өңір Атырау, Маңғыстау облысы және еліміздің ірі мегаполистері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары енді. Былтыр жыл бойына жоғары жалақы саналатын 402,5 мың теңгені қаржы және сақтандыру қызметі саласында жұмыс істейтіндер алып келген. Сондай-ақ, ең жоғары ақы ғылыми-техникалық сала қызметкерлеріне тиесілі. Яғни, 373,4 мың теңге. Өнеркәсіп саласында жоғары жалақы 428,3 мың теңгені тек тау-кен саласының қызметкерлері алады екен. [caption id="attachment_62918" align="aligncenter" width="955"] width= Жұмабек Айқынұлы[/caption] Ал ең төменгі жалақыны ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер алады. Небәрі −127,3 мың теңге.   [caption id="attachment_62922" align="aligncenter" width="955"] width= Жұмабек Айқынұлы[/caption] Осы ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов орташа айлық мөлшері мен төменгі жалақы мөлшеріне өзгеріс енгізу керегін айтқан болатын. Бұл өзгеріс 2023 жылға жоспарланып отыр. Яғни, ең төменгі жалақы орташа жалақының кемінде 30%-ын құрауы тиіс. 2023 жылы орташа жалақы 224 мың теңге болса, онда ең төменгі жалақы 70 мың теңгеден артық болуы қажет.   [caption id="attachment_62913" align="alignnone" width="1280"] width= Жұмабек Айқынұлы[/caption] Осы ретте орташа айлық жалақы 212 035 теңгені кімдер алатынын, қалай есептелетінін экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақ технология және бизнес университеті аға оқытушысы Сапарбай Жобаев түсіндіріп берді. Жубаев
«Соңғы дерек бойынша Қазақстанда орташа айлық жалақы 200-210 мың теңгенің шамасында деп айтылып жүр. Халықтың көбі бұндай айлықты ешқашан алып көрген жоқ. Осы ретте орташа айлық қалай есептеледі? деген сұрақтың тууы заңдылық. Бұл сумма еліміздегі жалақы алатындардың барлығын қосқандағы жалақы қорын айлық алатын адамдардың санына бөлгенде шығып отыр. Ескеретіні, жалақы алатындардың 7-8%-ы тым жоғары айлық алады. Мысалы, «Самұрық-Қазынаның» қаржы, сақтандыру қорларында жұмыс істейтіндердің айлығы жоғары. Атырау, Маңығыстау облыстарындағы мұнайшыларды да жоғарғы жалақы алатындардың тізіміне қосып отырмыз. Жалпы есепте жоғарғы айлығы бар 1 млн қызметкердің қаражатын орташа айлық алатын 5 млн қызметкердікімен қосқан жағдайда ортақ орташа есеп шығып отыр. Бұл өз кезегінде шын мәнінде төмен жалақы алатындардың көрсеткішін көтереді», − дейді сарапшы.
Ал халықтың басым бөлігі шын мәнінде нақты қанша айлық алатынын анықтауға болады екен. Экономистің айтуынша, медианалық айлық бойынша халықтың басым бөлігін құрайтын дәрігерлер, мұғалімдер, ауылшаруашылығында жұмыс істейтіндер мен мемлекеттік қызметте істейтіндердің айлығы шамамен 100-110 мың теңге шамасында. [caption id="attachment_62911" align="alignleft" width="344"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] «Ресми деректер бойынша айлығы шайлығына жетпей, мұқтаждық көріп отырғандардың саны – 2 млн адам. Карантин кезінде жұмыссыз қалғандар мен мұқтаж адамдарға яғни, бас-аяғы 4 жарым млн адамға 42 500 теңге берілді. Бұл 4 жарым млн адамның жағдайы нашар деп айтуға келмейді. Оның ішінде өз-өзін жұмыспен қамтып отырғандар, жеке кәсіпкерлер бар. Бұл қаражатты олар пандемия салдарынан жұмыссыз қалғандықтан алып отыр. Ал шын мәнінде мұқтаж топқа көпбалалы аналар, мүгедектер, зейнеткерлер, жұмыссыз жүргендер (500 мың) кіреді. Бұл топқа мемлекеттік бағдарламалар арқылы жәрдемақы тағайындалған. Ауылдан қалаға көшіп келгендер де еніп отыр. Олар медианалық айлық 100-110 мың теңге шамасында алатын болса, соның 70-80 мыңын пәтерақысына төлейді де, өздері бар болғаны 30-40 мың теңгеге күн көруде», −  дейді Сапарбай Жобаев.

Оңтүстікте жалақының өсу көрсеткіші жоғары

Әр саладағы айлықтың айырмашылығы жер мен көктей екенін байқадық. Бұған қоса, былтырғы мәліметтерден әр облыста жалақының өсу көрсеткіші әртүрлі екенін көруге болады. Павлодар облысында − 20,2%-ға  Қызылорда облысында − 23,7%-ға Шымкентте − 24,4%-ға Солтүстік Қазақстан облысында-25,1%-ға Ақмола облысында – 26,1%-ға Алматы облысында – 27,8%-ға Жамбыл облысында – 28,3%-ға Түркістан облысында – 34,2%-ға өскен. Жалақы көтермейтін өңірлердің қатарына Атырау және Маңғыстау сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстары еніп отыр.

Кедейлер 3 есе кедейленіп, байлар 3 есе байып жатыр

Тағы да Статистика комитетінің дерегіне назар аударсақ. Жүргізілген сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 63,5%-ы өз өміріне риза екен. Ауылды жерде тұратындардың 72,6%-ы, қалалықтардың – 58,4%-ының арыз-шағымы жоқ, проблема атаулыдан ада екенін айтқан.   [caption id="attachment_62912" align="aligncenter" width="1280"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Материалдық жағдай бойынша респонденттердің 63,3%-ы қаржылық жағдайларының орташа екенін, 0,7%-ы жоғары екенін, тек 0,3%-ы төмен екенін көрсеткен. Ал экономист Сапарбай Жобаев халықаралық Лоуренс сызығы деген түсінікте мемлекеттегі 5-10% дәулетті адамдар байлықтың 95%-ына ие болады да, қалған байлықтың 5%-ы халыққа тиесілі екенін айтады.
«Біздегі мұндай жағдайдың туындау себебі, жемқорлықтың орын алуы, кезінде кеңес өкіметі ыдыраған кезде биліктегілердің мемлекеттік меншікті жаппай жекешелендіріп алуы, жерді жекеменшікке алу сынды фактілерден туындап отыр. Ең өкініштісі, уақыт өткен сайын байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ұзара бермек. Себебі, орта таптағы адамдар тапқан қаражаттарын тұтынуға яғни, тамақ жеуге, киім киюге, коммуналдық төлемдерге жұмсаса, дәулетті адамдар да тұтынуға белгілі бір деңгейде қаражат жұмсап, қалғанын инвестицияға құяды. Бұл өз кезегінде қосымша табыс табуға мүмкіндік береді. Кедейлерде ондай мүмкіндік жоғы түсінікті. Өкінішке қарай, қазіргі жағдайда байлар байыған үстіне байи түссе, кедейлер кедейлене береді. Джинн коэффициенті бойынша кедейлер 3 есе кедейленіп, байлар 3 есе байып жатыр. Біздегі 10-12 %-ды (2 млн) құрайтын кедейлер байлардан 100 есе кедей тұрады», − дейді сарапшы.
Таяуда Дүниежүзілік банк мәлімдеме жасап, COVID-19 пандемиясы Қазақстан экономикасы үшін соңғы екі онжылдықтың ішіндегі ең ірі экономикалық салдарға әкелгені және оның өсуіне айтарлықтай кері әсер етіп жатқанын жазған болатын.  
«Ұзақ уақыт бойы дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Алдын ала бағалауға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі болжанған 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі мүмкін. Бұл 800 мыңнан астам адамның кедей өмір сүретінін көрсетеді» делінген хабарламада.
Осы ретте, еліміздегі ең төменгі жалақы алатындар 1 қыркүйектен бастап Президенттің Жарлығы бойынша айлықтарына 10% қосылады. Ал жоғары айлық алатындардың да айлығы көтеріледі екен. Мысалы, бұған дейін 3 млн алып келсе, енді 3 млн 300 мың теңге алатын болады. Халық 7-8 мың теңге қосылғанына мәз болса, айлығы онсыз да жоғарылар еселеп алып отыр.
«Бұған дейін жоғары айлық алатындардың салығын соған сай көтеру туралы айтылған болатын. Бұл бастаманы жоғарыда отырған жоғары айлық алатындар ұзаққа созады. Қаражатқа мұқтаж халықтың айлығын көтеру бюджетке байланысты. Қазір қазына қаражаты 30%-ға тапшы. Оны Ұлттық қордан жауып отырмыз. Басқа елдерде салықтық түсім арқылы қаржыланады. Бізде салықтан түсетін табыс 60-65%-ды құрайды. Біздегі бюджет тапшылығы ІЖӨ-нің 3-4 %-ы деп көрсетіледі. Шын мәнінде, оның үлесі 30%-ды құрап отыр», − дейді сарапшы.
Экономист өз сөзінде Қазақстандағы кедейлердің үлесін төмендету үшін квазимемлекеттік сектордағы компанияларды мемлекеттік меншіктен жекеменшік қолға беру керек. Жерді мемлекеттік меншік деп латифундисттер мен әкімдер ұстап отыр. Жерді пайдаға жарату үшін шаруаларға беру керегін ұсынды.

Еркежан ЖҰМАТАЙ