Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаевтың тапсырмасы: 819 миллион теңгенің дәрі-дәрмегі заңсыз айналымнан алынды

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша заңсыз айналымнан 9,6 млн. астам медициналық бетперделер, 65 мың литр антисептиктер, 819 млн. теңге сомасына түрлі дәрілік препараттардың 388,2 мыңнан астам орамасы алынып, аумақтық денсаулық сақтау органдарына берілді.

Рая Мінап
Тамыз 6, 2020
Жаңалықтар, COVID-19, Қазақстан
дәрі-дәрмек

© сурет интернеттен алынды

13
қаралым

Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында Қаржы министрі Е.Қ.Жамаубаевтың және Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Ж.Қ.Элимановтың қатысуымен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының коронавирус инфекциясымен күресуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және ұтымды пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың заңсыз айналымының жолын кесу, сондай-ақ, қаржы пирамидаларына қарсы күрес жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша заңсыз айналымнан 9,6 млн. астам медициналық бетперделер, 65 мың литр антисептиктер, 819 млн. теңге сомасына түрлі дәрілік препараттардың 388,2 мыңнан астам орамасы алынып, аумақтық денсаулық сақтау органдарына берілді.

Тоқаев Цойға жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы заң жобасына пікір білдірді

Тоқаев 8 адамды қызметінен босатты

Бұдан басқа, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің кешенді тәсілін ұйымдастыру және көлеңкелі айналымды қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау мәселесі қаралды.

Осылайша, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шеңберінде жалған шот-фактураларды жазып беру фактілері бойынша анықталған қылмыстардың саны 2,5 есеге артты (2019 жылдың 6 айында 94-тен ағымдағы жылдың ұқсас кезеңінде 242-ге дейін).

Аталған саладағы қылмыстың ұйымдасқан түрлерімен күрес бойынша белсенді жұмыс жалғасуда. Мысалы Атырау облысында сотқа ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс жіберілді, олар 1,8 млрд. теңгеге жалған шот-фактуралар шығарған.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде заңнамалық сипаттағы іс-әрекеттердің нәтижесінде қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру сомасы бес жылда алғаш рет 36%-ға төмендеді.

Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты мемлекетке келтірілген экономикалық залалды өтеу болып табылады. Бірінші жартыжылдықта Қаржы мониторингі комитеті 743 қылмыстық істі тергеді, оның 560-ы мәні бойынша сотқа қарауға жолданды.

Осы қылмыстық істер бойынша анықталған залал сомасы 38,4 млрд. теңгені құрады, оның шамамен 32 млрд. теңгесі мемлекетке келтірілген залал. Мемлекет кірісіне 21,1 млрд. теңге өтелді, 9,6 млрд. теңгелік мүлікке тыйым салынды.

Тағы бір басты бағыт ретінде қаржы пирамидаларымен (29 қылмыстық іс тіркелген), заңсыз ойын мекемелерімен (117 қылмыстық іс, 160 орын жойылған), сондай-ақ, жалған ақша жасаумен (161 іс) күрес мәселесі болып табылады.

Сонымен қатар өз қатарларында сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бойынша жұмыс өзекті болуда, оны тұрақты форматта жүргізу қажет.

Кеңес қорытындысы бойынша Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ә.Ө.Исекешев елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуал жағдайында ел басшылығының жоғарыда аталған тапсырмаларын іске асыруды ерекше бақылауға алу қажеттігін, бұл ретте адал кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

 
Тегтер: айналымдәрі-дәрмектапсырмаТоқаев
Алдыңғы жаңалық

Павлодар облысының медициналық мекемелеріне 169 оттегі концентраторы берілді

Келесі жаңалық

Оқушыларға арналған «Білім» тарифтік жоспары іске қосылады

Ұқсас жаңалықтар

облыс
Жаңалықтар

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 2021
рэп
Мәдениет

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 2021
домен
Әлеумет

Қайтқан доменнен қайыр бар ма?

Қаңтар 23, 2021
фильм
Мәдениет

Сыйлық тұр, сияпат жоқ

Қаңтар 23, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 09:52

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 09:30

Қайтқан доменнен қайыр бар ма?

Қаңтар 23, 09:00

Сыйлық тұр, сияпат жоқ

Қаңтар 23, 08:40

«Фанерасыз» ән қайда?!

Қаңтар 23, 08:20

Дәріханадағы дау

Қаңтар 23, 08:00

Жалақы жыры тағы басталды

Қаңтар 23, 07:45
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

облыс

Атырау облысында 82 жастағы қарияның денесі табылды

Қаңтар 23, 2021
рэп

Қазақша рэп: жетістіктің сыры неде?

Қаңтар 23, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»