Коронавирус: Вакцина 2,2 миллионға жуық қазақстандыққа тегін салынады
Коронавирус: Вакцина 2,2 миллионға жуық қазақстандыққа тегін салынады
© сурет интернеттен алынды
120
оқылды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина 2,2 млн-ға жуық адамға тегін салынады.  Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«2 182 000 қазақстандық COVID-19-ға қарсы вакцины тегін алады», - деп жазды ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда 244 адам ерікті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратыны туралы жазған болатынбыз.