УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалының соңғы матчтары өтеді
УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финалының соңғы матчтары өтеді
7 тамызға қараған түні Леверкузен, Дуйсбург, Базель және Вулверхэмптонда Еуропа лигасы 1/8 финалының соңғы матчтары өтеді. Леверкузендік «Байер», «Базель» және «Вулверхэмптон Уондерерз», тиісінше, шотландиялық «Рейнджерс», франкфурттік «Айнтрахт» және грекиялық «Олимпиакосты» өз алаңдарында қабылдайды. Испаниялық «Севилья» мен италиялық «Рома» арасындағы матч Дуйсбургтегі алаңда өтеді. УЕФА Еуропа лигасы, 1/8-финалы. Ойындар күнтізбесі: «QAZAQSTAN» телеарнаcы: 6 тамыз - «Базель» - «Айнтрахт». Уақыты: түнгі сағат 00:55 «QAZSPORT» телеарнаcы: 6 тамыз - «Рома» - «Севилья». Уақыты: түнгі сағат 22:45 6 тамыз - «Байер» - «Рейнджерс». Уақыты: түнгі сағат 22:45 (Сайтта https://qazsporttv.kz/kz/live) 6 тамыз - «Вулверхэмптон» - «Олимпиакос». Уақыты: түнгі сағат 00:55 Естеріңізге сала кетейік, Еуропа лигасы 1/8 финалының төрт ойыны өткізілді. Бұған дейін Украинаның «Шахтер Донецк» және Данияның «Копенгаген» командалары ширек финалға жолдама алған болатын. Олардың қатарына Англияның «Манчестер Юнайтед» пен «Интер» командалары да қосылды. Ағылшын клубы бүгін өз алаңында Австрияның «ЛАСК» командасын қабылдады. Кездесуде олар қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Екі команда арасындағы алғашқы ойында «Манчестер Юнайтед» 5:0 есебімен басым түскен болатын. Осылайша ағылшын командасы ширек финалға шықты. Тағы бір кездесу Италияның «Интер» және Испанияның «Хетафе» командалары арасында өткізілді.