Қазақстандықтар 10 тамызда демала ма?
Қазақстандықтар 10 тамызда демала ма?
© сурет интернеттен алынды
136
оқылды
Қазақстанда Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен жаңа мереке – 10 тамызда атап өтілетін Абай күні пайда болды. Көбісін бұл күні демаламызба ма деген сұрақ қызықтырды. Белгілі болғандай, бұл күні қазақстандықтар демалмайтын болды. Бұл ақпаратты Үкіметтің баспасөз қызметі растады. Ұлттық мерекеге 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні кіреді. Мемлекеттік мерекелерге Жаңа жыл, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мейрамы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні кіреді. Сондай-ақ, кәсіби және басқа да мерекелер бар, мысалы Алғыс айту күні, Геолог күні, Полиция күні және т.б. Бұл жай мереке күндері.   Абай күні де осы мерекелер тізіміне енген, сондықтан демалмаймыз.