Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл соғады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл күтіледі. Қарағаңды облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с сақталады, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде таңертең және күндіз дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қызылорда, күндіз Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады. Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.