COVID-19 вакцинасын кімдер тегін алады?

COVID-19 вакцинасын кімдер тегін алады?

– Қазақстанда вакцина­ция­лауға жататын адамдар саны 2 миллион 182 мың адам­ды немесе жалпы халық санының 11,5%-ын құрайды. Бұл топқа созылмалы аурулары, жүрек-қан тамыр жүйесінің дерт­тері, қант диабеті, өкпенің созыл­малы обструкциялық ауруы барлар, тәуекел тобына жата­тын­дар, соның ішінде жасы 65-тен ас­қан адамдар, сонымен қатар ме­ди­цина қызметкерлері еніп отыр. Вакцина бұл санат­тағы қа­зақстандықтарға тегін бе­ріледі, – деді Бағдат Қожахметов. Ол COVID-19 індетіне қар­сы вакцина әзірге жоғын ескертті: бірақ тиімді вакцина пайда бола салысымен, оған Қазақстан қол жеткізеді. «Еліміз Вакциналар және иммунизация жөніндегі жаһан­дық альянсқа мүше болды. Осының арқасында біз енді әлемде алғашқылар қатарында вакцинаны халықтың жалпы санының 20%-ына тең көлемде әрі арзанға алу мүмкіндігіне иеміз. Вакцинаның орташа бағасы 10-нан 20 долларға дейін барады», – деді денсаулық ведомствосының өкілі. Елімізде отандық вакци­наны бірнеше ұйым әзірлеуде. Соның бірі – Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанын­дағы Халықаралық вакцино­логия орталығы. Осы универ­си­теттің проректоры, ғалым, Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов COVID-19 індетіне қарсы вакцинаның бірін өзіне сынап жатыр. COVAX-19 сауда атауымен бел­гілі бұл препаратты Аустра­лия­ның жетекші биотех­ноло­гиялық компаниясы Vaxine Pty Ltd әзірлеген екен. Оның КВИ-ге қарсы вакцинасы клиникалық сынақтардың І-фазасынан өтуде. Яғни, сол елдегі волонтерлердің бірнеше тобына сыналу үстінде 3 айдан кейін жаһандық клиникалық сынақтың ІІ және ІІІ сатысына шықпақ. Сонда 10 елден 30-100 мың волонтер тартылады.  

Елдос СЕНБАЙ