Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 6 тамыз кешкі сағат 19:45 шамасында болған.
«Көктем ықшамауданындағы азық-түлік дүкенінің жанында алкогольдік ішімдік ішкен ер адам жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасауға оқталған. Оқиға туралы хабар алған полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір күдікті тергеу абақтысына қамалды», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 121-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы туралы қосымша хабарланады.