Партия емделушілерге көмектесті
Партия емделушілерге көмектесті
5,153
оқылды
Ізгі шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірім­ділік пен қайырымдылықты насихаттау және ақ халатты абзал жан­дарға құрмет көрсету, олардың жұмысын бағалау. Осы акция аясында облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бағдаулет Мақашовтың қолдауымен облыс орта­лығында орналасқан облыстық медицина орталығы, қалалық аурухана, жедел жәрдем, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жалпы 1 700 қызметкері мен емделушісіне арнайы ас берілді. Атап айтқанда, 4 ірі-қара еті, 150 литр шұбат пен 150 литр қымыз және көкөніс, жеміс-жидек адам жанына араша түсіп жүрген дәрігерлер мен емделушілерге таратылды. Абай атамыз қара сөзінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» деп тектен-текке айтқан жоқ. Адамгершілік, мейірбандық қасиетті бойы­на сіңіріп, әрбір адам баласын бауырым деп қамқор болуы керек. Сон­дықтан партиялықтар емделушілерге көмек беруді үздіксіз жалғас­тырып келеді.  

Әбілмансұр ЖАСАН