Ізгі шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттау және ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсету, олардың жұмысын бағалау. Осы акция аясында облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, партия белсендісі, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бағдаулет Мақашовтың қолдауымен облыс орталығында орналасқан облыстық медицина орталығы, қалалық аурухана, жедел жәрдем, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жалпы 1 700 қызметкері мен емделушісіне арнайы ас берілді. Атап айтқанда, 4 ірі-қара еті, 150 литр шұбат пен 150 литр қымыз және көкөніс, жеміс-жидек адам жанына араша түсіп жүрген дәрігерлер мен емделушілерге таратылды. Абай атамыз қара сөзінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» деп тектен-текке айтқан жоқ. Адамгершілік, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын бауырым деп қамқор болуы керек. Сондықтан партиялықтар емделушілерге көмек беруді үздіксіз жалғастырып келеді.
Әбілмансұр ЖАСАН