Бір тәулікте өкпесі қабынған 18 адам қайтыс болды

Бір тәулікте өкпесі қабынған 18 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы және 18 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан бастап жалпы ауырғандар саны – 11008, оның 120-сы қайтыс болған. Айта кетейік, коронавирусқа шалдыққандар жалпы саны – 96 922 адам. Қазақстанда 6 тамыз 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 980 адам коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Оның ішінде 502 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.